Берлускони парламенттегі орнынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берлускони парламенттегі орнынан айырылды

Берлускони парламенттегі орнынан айырылды

Италияның Сенаты сәрсенбі, 27 қараша күні елдің бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді парламенттік өкілеттіліктен айыруға дауыс берді.

  • 28 Қараша 2013
  • 289
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы Reuters хабарлады.

Парламент осыған дейінгі соттың Берлускониді алаяқтық жасағаны үшін екі жыл көлемінде мемлекеттік қызметке жолатпау керектігі жөніндегі шешімін қолдап отыр.

Оны қызметінен босату туралы мәселе Берлускони қадағалап отырған Mediaset холдингте ол салыққа қатысты астыртын әрекеттер жүргізгені үшін айыпты деп тапқаннан кейін көтерілді. Бұл іс бойынша қорытынды шешім 2013 жылдың тамыз айында шығарылды. 77 жастағы саясаткерді төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім етілді, кейін бұл мерзім бір жылға дейін рақымшылық бойынша қысқартылды.