«Мемлекеттің негізін қалаушы - Елбасы» журналы араб тілінде шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мемлекеттің негізін қалаушы - Елбасы» журналы араб тілінде шығарылды

«Мемлекеттің негізін қалаушы - Елбасы» журналы араб тілінде шығарылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі араб тілінде Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мемлекеттің негізін қалаушы - Елбасы» журналын шығарды.

  • 28 Қараша 2013
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұл жинаққа Қазақстанның танымал қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлерінің мақалалары енгізілді.

Сонымен бірге, журналдан араб оқырмандары Елбасының «Дағдарыстан шығу кілті» («Ключи от кризиса») және «Бесінші жол» («Пятый путь») мақалаларымен таныса алады.


1 желтоқсан күні атап өтілетін Тұңғыш Президент күні Әмірліктердің 2 желтоқсан күні тойлайтын тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отыр.