Қалалық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда қаржы полицейлері интернет-кафені тексергісі келетіні туралы ақпар келіп түскен. Сонымен қатар, олар тексерістен оңай құтылу үшін дәмхана қожайынынан ақша талап етіпті.
«Алаяқтықпен айналысты деген күдікпен интернет-кафеде 25-26 жастағы қос еркек құрықталды. Тексере келе, олардың қаржы полициясына еш қатысы жоғы анықталды», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар дәмхана қожайынынан 500 доллар талап еткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.