Оның бірі – жалпы құны 225,9 млн теңгелік жаңа спорт кешені. Ондағы төрт залда 350-ге жуық адам мини-футбол, баскетбол ойнап, грек-рим күресі және тағы басқа спорт түрлерімен шұғылдана алады.
Екінші нысан – қайта қалпына келтірілген 120 пәтерлік үй. Оны жөндеуге 279,7 млн теңге қаржы бөлініпті.
Қалпына келтірілген үйде баспана кезегінде тұрған бюджет қызметкерлері тұрады. Оларға пәтер кільтін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың өзі табыс етті.