— Нұрсұлтан Әбішұлы, үшінші слайдтан бастайын деп едім сізге. Рұқсат берсеңіз! Итоги вы все знаете, Вот за 10 месяцев: 5,8 процент рост ввп, 2013 году как планируем ожидаем 6 процентов.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі тұрақты өсімнің келер жылы да сақталатынына сендірді. Сондай-ақ бір-бірін қайталайтын саны бар да, сапасы жоқ мемлекеттік бағдарламалар қысқартылмақ. Осындай олқылық үшін Ерболат Досаев бұған дейін Елбасыдан сөз естіген еді. Ал бюджет қаржысының үнеммен жұмсалуын талап еткен Нұрсұлтан Назарбаев министрге экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.