Ақтөбеде әкімшілік жазаға тартылғандардың туыстары сотқа жүгінбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде әкімшілік жазаға тартылғандардың туыстары сотқа жүгінбекші

Ақтөбеде әкімшілік жазаға тартылғандардың туыстары сотқа жүгінбекші

Ақтөбенің орталық базарында ұсталған 70-ке жуық жігіттің туыстары күш құрылымдарын сотқа бергелі отыр. Айғақ ретінде куәгерлер түсірген мына бейнекадрларды ұсынбақшы.

  • 29 Қараша 2013
  • 263
Фото - Caravan.kz


Арнайы жасақ сарбаздарының базар ортасында ұсталғандарды жатқызып алып тінтіп жатқаны мұнда анық көрінеді. 19 бен 30 жас аралығындағы бұл жігіттер сол маңда ұялы телефонды алып-сатумен айналысқан. Көпшілігі дін жолындағылар екен. Олардың жиырматөртін сот әкімшілік жазаға тартып, қалғандарын кейін босатып жіберген болатын. Он бес күнге абақтыға қамалғандарға тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті деген айып тағылған. Әйтсе де, олардың туыстары бұл шешіммен келіспей, керсінше соққыға жықты деп күш құрылымдарын айыптап отыр.