Барлығы Жаңаөзенде мұнай бұрғылаумен айналысатын “КезБИ” деген компанияның жұмысшылары. Оқиға орнына дереу жеткен санитар-эпидемиологтар да олардың неден уланғанын таба алмай әлек. Қолда бар мәліметке қарағанда, 19 адам өте ауыр хәлде әуе көліктерімен облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Тағы жеті мұнайшы Жаңаөзен қаласында қалдырылды. Оларға да ем-дом шаралары көрсетілуде. Ал қас пен көздің арасында жағдайлары күрт нашарлаған жұмысшылардың екеуі көз жұмған. Қазір компания басшыларына қатысты «санитарлық ережені» сақтамады деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.