Астана ЭКСПО-2020 өткізу құқығын Дубай қаласына тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана ЭКСПО-2020 өткізу құқығын Дубай қаласына тапсырады

Астана ЭКСПО-2020 өткізу құқығын Дубай қаласына тапсырады

Астана ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие. Қазіргі уақытта ауқымды іс-шараны өткізуге белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астана болашақ энергия, озық технологиялар бойынша ғылыми жаңалықтармен бөлісуге және осы саладағы халықаралық келісімдерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, әлемнің барлық мемлекеттерінің кездесу орнына айналады. 

  • 29 Қараша 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz

Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 154-ші сессиясында ЭКСПО-2020 көрмесінің тағдыры шешілді. Үшінші айналымның нәтижелері бойынша 116 мемлекет өз дауыстарын Дубай қаласына берді, Екатеринбор 47 дауыс жинады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, Парижде үміткер қалалардың соңғы тұсаукесері өтті. Атап айтсақ, ЭКСПО-2020 көрмесін өткізу құқығына Измир (Түркия) және Сан-Паулу (Бразилия) ниет білдірген болатын. Аютая (Тайланд) қаласы биыл жазда қатысудан бас тартып, жарыстан шығып кетті. ЭКСПО-2020 көрмесін өткізу додасында барлық төрт кандидат 1,5 жылдан астам уақыт бойы белсенді ақпараттық кампания жүргізді, әрбір үміткердің өз артықшылықтары бар. ЭКСПО-2020 көрмесіне Дубай «Болашақ үшін сана-сезімнің байланысы» атты тақырыпты ұсынады, оның бір тақырыпшасы қазақстандық көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбымен үйлеседі. Энергияны сақтау әдістері 2017 жылы да, 2020 жылы да маңызды мәселе болмақ. 

«Прогреске қол жеткізу Халықаралық көрмелер бюросының маңызды құндылықтарының бірі болып табылады. Астана ЭКСПО-2017 тұрақты энергетиканы дамыту саласындағы бірлескен жобалар үшін негізгі катализатор болады. Біз осы тақырыпты одан әрі дамыту және оны ЭКСПО-2020 Дүниежүзілік көрмеде ұсыну үшін Дубай қаласымен ынтымақтастықтың басталуын күтудеміз», — деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.