Риддер қаласында жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Соңғы 30 жылда өнеркәсіптік қалада бірінші рет 60 пәтерлі тұрғын үй салынды. Бұл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының арқасында мүмкін болды — республикалық бюджеттен 390 млн. теңге бөлінді. Бес қабатты үй 5 үш бөлмелі, 35 екі бөлмелі және 20 бір бөлмелі пәтерден тұрады. Мысалға алғанда, бір бөлмелі пәтердің аумағы 54 шаршы метрді құрайды, үй 8 балдық жер сілкінісіне шыдайды және жаңа жылу тарату технологиясымен жабдықталған.
Сондай-ақ Тұңғыш Президент күні қарсаңында Черамшанка және Белоусовка ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы қуанышты жаңалық болды, сонымен бірге, Перевальное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Облыстық бюджеттен Череманка ауылындағы 20 орынға шақталған амбулаторияның құрылысына 150 миллион теңге бөлінді. Ғимарат барлық заманауи талаптарға сай, қажетті медициналық қондырғылармен жабдықталған, келушілерді қабылдауға толығымен дайын.
Осы күндері бүкіл өңір бойынша жаңа балалар бақшасы, интернаттар, мәдениет және спорт нысандары ашылып, тұрғын үйлер мен емханалар пайдалануға берілді.