"Әуезов аудандық прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарының қорғалуы заңының орындалуын тексеру барысында мемлекеттік сатып алу заңдарының бұзылғандығын анықтаған. Тексеру барысында анықталғандай, 2012 жылы интернат "Крылов" ЖК арада 64 800 жаялық жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған", делінген жұмада қалалық прокуратурадан таралған ақпаратта.
Белгілі болғандай, интернат басшылығы оның 20 мың данасын ғана алып, қалғанын түгел алдық деп құжаттарға заңсыз қол қойған.
Ақша жеткізілмеген 44,8 мың жаялыққа да төленген, сол арқылы үкіметке 1 млн 240 мың теңге залал келтірілген.
Алматы тәртіптік кеңесінің шешіміне орай директорды "Сыбайластыққа қарсы күрес" заңына орай жұмыстан босату ұсынылған.