"Қарулануды тоқтату үшін батыл іс-қимылдар уақыты келген кезде Қазақстан үлгісі әсіресе өзекті болып отыр. Бұл жолда бүкіл елдердің парламентшілерінің үлесі маңызды", делінген президенттің жұмада Санкт-Петерборда өтіп отырған "Қазіргі замандағы ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздандыру мен таратпау процесіндегі парламентшілердің рөлі" деп аталатын халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған жолдауында.
Жолдауды форумды ашқан кезінде Қазақстан мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин оқып берді.