"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді біз ШЫҰ әр мемлекеті үшін маңызды стратегиялық міндет деп санаймыз. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеп, қабылдауды ұсынамыз", деді С.Ахметов жұмада Ташкентте ШЫҰ елдері үкімет басшыларының отырысында.