ШҚО-да алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылды

ШҚО-да алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылды

Бүгін Өскеменде салтанатты түрде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті негізінде құрылған алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылд

  • 29 Қараша 2013
  • 335
Фото - Caravan.kz


Ашылу салтанатына Тұңғыш Президент мұражайының директоры Алма Сағынғали және ҚР мемлекеттік қайраткері Сиязбек Мұқашев қатысты.

Орталықта Қазақстан Президентінің 200-ге жуық кітабы таныстырылды.

Орталықтың ашылу құрметіне Президенттің жеке заттары, оның Мәскеуде қорғаған докторлық диссертациясының көшірмесі, Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау күнінде киген киімі қойылған «Тарихи таңдау» көрмесінің тұсауы кесілді.

"Бұл орталық аймақтың ғылыми қайраткерлеріне, студенттер және жоғары оқу орындарының оқытушыларына өздерінің ғылыми зерттеулерін әзірлеуге, конференциялар, дөңгелек үстел жиындарын және семинарлар өткізуге мүмкіндік береді. Орталықтың басты мақсаттарының бірі мемлекеттік билікті және білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала мекемелерін, азаматтық қоғам институттарын қамтамасыз ету болып табылады" — дейді орталық басшысы Арайлым Темірбекова.