CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

CПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қарағандылық “Шахтер” Еуропа лигасының плей-офф бәсекесінен құр қалды. Топтық кезең аясында грекияның “ПАОК” командасын қабылдаған Виктор Кумыков шәкірттері 2:0 есебімен ұтылып, келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылды.

  • 30 Қараша 2013
  • 286
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін екі рет тең ойнаған кеншілерге жеңіс ауадай қажет болған. “Астана-Аренаға” тас түйін дайындықпен шыққан “Шахтер” алғашқы таймның басында бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған. Бірақ тәжірибелі қонақтар 54-ші минутта өз дегендеріне жетті. Сол қапталмен ойқастаған Лукас Перестың соққысынан кейін доп Алдин Джидичке тиіп қақпа төрінде тулады. Қарағандылықтар қанша тырысқанымен есепті теңестіре алған жоқ. Ал қосымша уақытта қорғаушылардың өрескел қателігін ұтымды пайдаланған Стелиос Кициу қортынды есепті орнатты. Біздің топтан 11 ұпайдан еншілеген “ПАОК” пен “АЗ” плей-офф бәсекесіне жолдама алды.      

 

Астаналық хоккейшілер өз алаңында өткізген соңғы төрт кездесудің үшеуінде жеңілістің ащы дәмін татты. Басымызға көтеріп жүрген  «Барысымыз» бұл жолы 2:3 есебімен  Праганың «Лев» клубына есе жіберді.

Осыған дейін   «Барыс» пен  «Лев» өзара үш рет кездесіп, оның бәрінде біздің хокккейшілер жеңіске жеткен екен. Бірақ сол дәстүр Астанадағы матчта жалғасын таппады. Қонақтар сапында  Мартин Тернберг,  Якуб Матай және  Иржи Секач мергендік танытса,   біздің тарапымыздан  Брэндон Боченски мен Роман Старченко көзге түсті. Өз алаңындағы серияны сылбыр өткізген «Барысты» ,  алда алыс сапар күтіп тұр.  Сырт алаңдағы серияның алдын  жерлестеріміз Магнитогорскіде жергілікті «Металлургке» қарсы өткізеді. Осы турда Шығыс конференцияның лидері «Ақ Барыс»  өз алаңында Новокузнецкілік «Металлургтен» ұтылып қалды. Буллитпен аяқталған бәсекенің нәтижесі 4:5.