La Scala театры гастрольмен «Астана Операға» келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
La Scala театры гастрольмен «Астана Операға» келеді

La Scala театры гастрольмен «Астана Операға» келеді

Қазақстанда тұңғыш рет атақты итальяндық La Scala театрының гастрольдері еліміздің бас театры - «Астана Операның» биік сахнасында өтеді, деп жазады strategy2050.kz.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz


Миланның ірі театры өзімен бірге Рудольф Нуриев редакциялаған Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балеттік спектаклін алып келеді. Қазақстандық көрермен итальяндық шеберлер ұсынатын, қайғылы рыцарь Дон Кихоттың мінсіз бейнесін 2014 жылдың 30 маусымы мен 4 шілде аралығында бағалай алады.

Испандық халықтық нақыштағы көріністердің көркем декорациясын Рафаэль дель Савио жасап, костюмдерді Анна Анни әзірлеген. Спектакльді өңдеген және бейімдеген Джон Ланчбери. Аты аңызға айналған итальяндық әртістер «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Перейти к новостям спорта