Барахолкадағы өрттен кейін базарлар жаппай тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолкадағы өрттен кейін базарлар  жаппай тексеріліп  жатыр

Барахолкадағы өрттен кейін базарлар жаппай тексеріліп жатыр

Өскеменде базарларды жаппай тексеру басталды. Төтенше жағдайлар департаменті олардың өрт қауіпсіздігі ережесіне атүсті қарағанына ашулы.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 156
Фото - Caravan.kz


Алматының барахолкасындағы өрттен кейін өскемендік қадағалаушы органдар ширақ  қозғала бастады. Қазір прокурорлар да   бұған дейін аяқ баспаған базарларды жаппай тексеруге кірісті. Негізінен өрт қауіпсіздігі сақталмаған дүңгіршіктерге қатты шүйлігіп жатыр. Жалпы шахарда ірілі-ұсақты 20-ға тарта базар бар. Оның ең ірісі осы «Орталық» . Қазір бұл сауда орны сот шешімімен уақытша жұмысын тоқтатқан.Бірақ өрт қауіпсіздігіне қатысты олқылықтар әлі  жойылмаған.