Болашақта Қазақстанда кәмілеттік жасқа толмағанмен мүлігі бар азаматтар салық декларацияларын өткізетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта Қазақстанда кәмілеттік жасқа толмағанмен мүлігі бар азаматтар салық декларацияларын өткізетін болады

Болашақта Қазақстанда кәмілеттік жасқа толмағанмен мүлігі бар азаматтар салық декларацияларын өткізетін болады

Болашақта Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағанмен мүлігі бар азаматтарға салық декларацияларын өткізу міндеттелмек, деп хабарлады қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 645
Фото - Caravan.kz

Бұл норма "Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары мен мүлігін декларациялау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген, бұл жоба Астанада сәрсенбіде талқыланған болатын.

Заң жобасына орай декларация өткізетін тұлғалардың ауқымы анықталған. Қазақстанның кәмілеттік жасқа толған азаматтары декларация өткізеді. Олар активтер мен міндеттемелері және табыс пен мүлік туралы декларация өткізеді. Кәмілеттік жасқа толмағандар тіркелуге тиіс мүлігі болғанда жағдайда және банкте есеп -шотта жалпы алғанда 5 мың доллардан артық қаржысы болған жағдайда декларация өткізуге тиіс.

"Балалар немесе зейнеткерлер декларация өткізуі керек, деген бізге таң нәрсе. Мәселен, Швецияда ең жас салық төлеуші алты айлық болған. Әрине, ол таксиге отырып, барып салық төледі деген сөз емес. Яғни оның сенімді өкілі декларация толтырды", деді Р. Дәленов.


". Активтер туралы декларация ең түпкі нүкте болып табылады. Былайша айтқанда, онда неғұрлым көбірек жазылса, салық төлеушінің өзіне жақсы", деді Р.Дәленов.