Елордада 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Елордада 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астанада Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жергілікті бюджет қаржысы есебінен 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандардың ішінен оқиғалар кезінде қасақана кісі өлтіргендер мен милиция қызметкерінің, халық жасақшыларының өміріне қастандық жасағандардан басқа (оларға қатысты қазіргі қылмыстық істерді қайта қарау тәртібі сақталады), саяси қуғын-сүргін құрбандарына 20 мың теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі», — делінген хабарламада.

 Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай елордалық ведомстволарға қарасты мекемелерде қарттарға, тұрақты тұратын орны жоқ тұлғаларға, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.