Алматыда тапсырыспен банк қызметкері өлтірілген қылмыс әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тапсырыспен банк қызметкері өлтірілген қылмыс әшкереленді

Алматыда тапсырыспен банк қызметкері өлтірілген қылмыс әшкереленді

 Алматыда криминалды полиция қызметкерлері таныс жігітті өлтіруге тапсырыс берген жергілікті 29-жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметінен.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz

Қараша айының басында үйінің ауласында оқтан қаза болған жігіт коммерциялық банктердің бірінің қызметкері болған.

Сәрсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, ұсталған жігіт сыбайласымен бірге алаяқтық жолмен пластикалық карточкадағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған, 7 млн теңгені бермей алып қалу үшін банк қызметкерін өлтіруге тапсырыс берген.

Полиция деректеріне қарағанда, қылмысты тікелей орындаған Павлодар облысының 28 жастағы тұрғыны және ұйымдастырушы Алматы облысының 33-жастағы тұрғыны ұсталған.


"Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы қамауға алынған, Павлодар облысында оқ тиген орындаушы медициналық мекемеде, оны полиция күзетуде", делінген хабарламада.