Киев Қазақстанда пара бергені үшін сотталған "Укрспецэкспорт" қызметкерлерінің өткізіп берілуіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киев Қазақстанда пара бергені үшін сотталған "Укрспецэкспорт" қызметкерлерінің өткізіп берілуіне қол жеткізді

Киев Қазақстанда пара бергені үшін сотталған "Укрспецэкспорт" қызметкерлерінің өткізіп берілуіне қол жеткізді

Украина шілде айында қазақстандық әскери соты тарапынан сотталған "Укрспецэкспорт" мемлекеттік компаниясының қызметкерлері Александр Школяренко мен Александр Хрулевті жазаларын отанында өтеу үшін өткізіп берілуіне қол жеткізді.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Украина» агенттігіне Украина Әділет министрлігіндегі дереккөз мәлімдегендей, елдің екі азаматын өткізіп беру 1999 жылы «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы бас бостандығынан айырылған тұлғаларды әрі қарай жазасын өтеу үшін өткізіп беру туралы келісімшартқа» сәйкес жүзеге асырылады.

«Укрспецэкспорт» компаниясындағы дереккөздердің мәліметіне сәйкес, украиндық және қазақстандық тараптардың келісімі бойынша сотталғандарға жаза қолдану мерзімі алты айға қысқартылады.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының шешімімег А.Школяренко мен А.Хрулев Қылмыстық кодекстің 5-б, 312 бабы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қатаң режімді колонияға бас бостандығынан айырылды. Қыркүйек айында қазақстандық апелляциялық алқа Украина азаматтарының үкімін өзгеріссіз қалдырды.