Құлағалы тұрған мектептер жаппай сүрілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлағалы тұрған мектептер жаппай сүрілмек

Құлағалы тұрған мектептер жаппай сүрілмек

Жамбыл облысында құлағалы тұрған 19  мектептің жайы төрт жыл ішінде шешіледі. Жергілікті билік өкілдері осылай деп сендіріп отыр. Құлағалы тұрған білім ошақтарын бұзып тастап, жаңасын салу жоспары да жасалыпты. 

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 232
Фото - Caravan.kz

—  Мына жердің бәрінде балкасы түсіп кеткен, соншалықты түсіп кеткендігі ортасына түсіп кетуі мүмкін. Қазіргі жағдайда. Бұл істен шыққан деп есептеуге болады.

Бұл білім ошағы бес жыл бұрын апатты деп танылған. Оқушылар жанын шүберекке түйіп жүріп тәлім алыпты. Жауын жауса төбеден су сорғалап шәкірттерді әбден мезі қылған. Ара-тұра жөндеу жүргізіп  бүгінге дейін амалдаған екен. Биыл бұл қорқыныштың бәрі артта қалды. Облыс қазынасынан қаржы бөлініп  жаңадан 120 орындық мектеп бой көтерді. 

Гүлмира Абатова, Т.Рысқұлов атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы:  

—  Арманымызға жеттік. Қуанышымызда шек жоқ. Енді осы мектепте, жаңа ғимаратта біздің балаларымыз оданда білімдерін ары қарай жетілдіріп, жаңа өмір, жаңа инновациялық нәтижеге жетеміз деген ниеттеміз.

Аймақта апатты деп танылған білім нысандарының саны 19. Тұрар Рысқұлов ауданындағы мына мектеп сол тізімге кіреді. Оқу ордасының жағдайын көрсең, жағаңды ұстайсың. Ірге тасы үгітіліп жерге кірсе, қабырғалары қақырай бастаған. Cпорт залының сыйқы мынау. Ұстаздар оқушылардың өмірі үшін алаңдап отыр.


Ләззат Кентаева, Подгорный орта мектебінің директоры:

Мектебімізді тексергенде үш кірпіш жерге кіріп кеткен, фундаментіміз жоқ. Кабинеттерге ертеңмен кіргенде бір иіс шығады. Полдың астынада сондай иістер болады. Сол әсер етеді баларға.

Жуырда көптің көлдей тілегі орындалмақ. Шағын ауылға 350 балаға шақталған мектеп салынады. Сметалық құжаты да әзірленген. Осылайша өгіз аяңмен болса да, жергілікті билік 4 жылдың ішінде, апатты мектептерден арыламыз деп отыр. Айта кетейік, аймақта соңғы 10 жылдың ішінде 54 мектеп салынған, тағы  8-і алдағы уақытта пайдалануға берілуі тиіс.