Шаруашылық директоры Денис Мерзлов мекемеден 46 мың тонна бидай ұрлаған. Бұл өнім анау-мынау емес, облыстық «Азықтүлік корпорациясына» тиесілі екен. Алаяқ директор осы қылмыстары үшін қазір темір торда отыр. Ал жұмысшылары әлі адал еңбегін ала алмай жүр. Дегенмен тергеу жүріп жатқан жарты жылдың ішінде жұмысты тоқтатпаған. Енді шыдамы таусылған жұрт отын мен несиеге төлейтін ақша таппай бүгін ақыры айқайға басты.