Алматы облысында Бикен Римованың 90 жылдығына арналған халық театрларының фестивалі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында Бикен Римованың 90 жылдығына арналған халық театрларының фестивалі басталады

Алматы облысында Бикен Римованың 90 жылдығына арналған халық театрларының фестивалі басталады

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың 90 жылдығына арналған «Бикен Римова - қазақ сахнасының саңлағы» атты үш күндік облыстық халық театрларының фестивалі басталады.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 430
Фото - Caravan.kz

Іс-шара 6 желтоқсан күні Б.Римова атындағы облыстық филармонияда, ал келесі күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасады.

Бикен Римова 1923 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы Қаратал ауданы Қызыл Шығыс кентінде туған.

Алматы театр училищесін бітірген (1943). 1943 жылдан бастап — Әуезов атындағы Қазақ драма театрының әртісі, киноға түскен. 
Қазақ театры туралы мақалалардың авторы. Қазақ КСР халық әртісі атағын алған (1966). Б. Римованың театрдағы рөлдерінің арасында: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» — Еңлік, М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» — Жер-ана, Ғ.Мұстафиннің «Миллионеріндегі» — Жанат, Мольердің «Сараңындағы» — Элиза, Н.В.Гогольдің «Ревизорындағы» Пошлепкиннің рөлдері бар.


«Құрмет белгісі» орденімен, «Парасат» орденімен марапатталған.

Перейти к новостям спорта