Еліміздегі тұңғыш Жас жол инспекторлары штабы Шығыста құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі тұңғыш Жас жол инспекторлары штабы Шығыста құрылды

Еліміздегі тұңғыш Жас жол инспекторлары штабы Шығыста құрылды

Өскеменде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы мен облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп елімізде бірінші болып Жас жол инспекторлары штабын құрды.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 631
Фото - Caravan.kz

Штаб кейінгі кездері жиілеп кеткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы көп жағдайда қайғылы аяқталып жататын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында құрылып отыр. Жас жол инспекторлар бөлімшесі өскелең ұрпақты жолда жүру ережелерін білуге және оны бұлжытпай орындауға, жол қозғалысының жоғары мәдениетін сақтауға, жауапкершілікті сезінуге үйрететін болады.

Штабтың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық ІІД әкімшілік басқармасының жетекшілері Жамболат Қалитаев пен Айназар Түменбаев, «Жас Ұлан» жастар қанатының жетекшісі Станислав Каримов және басқалар қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.