Бұл шараға фильмді түсіруге қатысқан бүкіл шығармашылық ұжым қатыспақ. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған бұл апталық 12-желтоқсанға дейін созылмақ. Онда «Қазақфильмнен» соңғы жылдары түсірілген Дүкенбай Досжан, Кененбай Қожабеков, Мұхтар Бақтыгереев, Ғазиза Жұбанова және Әзірбайжан Мәмбетов, Ыдырыс Ноғайбаев, Ерболат Төлепбай, Камал Смайылов сияқты Қазақстанның әйгілі өнер қайраткерлеріне арналған туындылар жұртшылық назарына ұсынылмақ.