Сочидегі олимпиада қалашығы аумағында қазақстандық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочидегі олимпиада қалашығы аумағында қазақстандық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады

Сочидегі олимпиада қалашығы аумағында қазақстандық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады

Сочидегі олимпиада қалашығы аумағында қазақстандық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 316
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған орталықта Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін және спортшыларымызды ұлықтау шаралары ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, Т. Есентаев өз сөзінде Халықаралық олимпиадалық комитетке Алматы қаласында 2022 жылы 24-ші қысқы олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берілгендігін атап өтті.

«Бұл мақсаттарда Сочи қаласында өтетін олимпиада аясында жоғарыда аталған олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ел ретінде Қазақстанды алға жылжыту бойынша иммидждік іс-шаралар өткізу жоспарлануда»,-деді Т. Есентаев.