Еліміздегі бірқатар жолдарда боран салдарынан көлік қозғалысы тоқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі бірқатар жолдарда боран салдарынан көлік қозғалысы тоқтады

Еліміздегі бірқатар жолдарда боран салдарынан көлік қозғалысы тоқтады

Қазақстанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірқатары жабылды.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz

ТЖ министрлігінің хабарлауынша, күшті жел мен қалың қар салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі нашарлаған. Соған байланысты таңғы сағат төрт жарымда «Алматы-Ташкент» тас жолының 526-шы және 593-ші шақырымдары аралығы жабылды.

Ал, Ақмола облысында боран соғып, жол көрінбей қалғандықтан таңғы сағат 11-ден бастап «Астана-Астрахань» тас жолымен жолаушылар мен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды.

Сонымен қатар, таңғы сағат 11:33-те көліктердің Астанадан шығуына шектеу қойылды.


Астана полициясы қала көшелеріндегі қозғалысты бақылауды күшейтті.