Қазақстан 2017 жылға қарай Астанаға қатынайтын халықаралық әуе рейстерін көбейтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2017 жылға қарай Астанаға қатынайтын халықаралық әуе рейстерін көбейтпек

Қазақстан 2017 жылға қарай Астанаға қатынайтын халықаралық әуе рейстерін көбейтпек

2017 жылғы ЕХРО көрмесіне орай Астанаға қатынайтын халықаралық рейстер саны артады. Бұл туралы EXPO-2017 комиссары, Сыртқы істер министрінің орынбасары Рапиль Жошыбаев мәлім етті.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Астанаға қатынайтын туристер легі артады. Сондықтан қолданыстағы рейстердің бәрін 2017 жылға қарай елордаға бағыттауды ұсынып отырмыз. Кейбір рейстер Алматыдан ұшады. Біз 2017 жылға қарай Астанаға қатынайтын рейстер санын арттыру туралы ұсыныс жасадық», — деді ол бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

«Қытай мен Шығыс Азиядағы серіктестеріміз 2017 жылы көрме өтетінін біледі. Астанаға ұшатын рейстер санын арттыру туралы бастаманы олар да қолдап отыр», — деп қосты ол.