А.Бөлдешевтің қорғаушысы Байбосын Биділдаев оған кесілген үкімге қарсы шағымданбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Бөлдешевтің қорғаушысы Байбосын Биділдаев оған кесілген үкімге қарсы шағымданбақ

А.Бөлдешевтің қорғаушысы Байбосын Биділдаев оған кесілген үкімге қарсы шағымданбақ

Қазақстан Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Асқар Бөлдешевтің қорғаушысы Байбосын Биділдаев оған кесілген үкімге қарсы шағымданбақ.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Аппеляцияға шағымданамыз. Дәлелдер дұрыс бағамдалған жоқ. Іс материалдары оның кінәсінің дәлелденбегенін көрсетіп тұр. Бөлдешевтің іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ. Бірақ бұл назарға алынған жоқ», — деді Б.Биділдаев бейсенбі күнгі сот процесінен кейін журналистерге.

А.Бөлдешевтің зайыбы – Гүлмира да үкіммен және істі тергеу барысымен келіспейтінін жеткізді.

«Сіздерден көп нәрсені жасырды. Мен баспасөз мәслихатын өткізіп, бәрін де айтып беремін. (…) Мен мүлдем келіспеймін», — деді ол.

Бейсенбі күні Астананың әскери соты авиация генерал-майоры Асқар Бөлдешевті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Сонымен қатар, сот президентке оны «авиация генерал-майоры» атағы мен мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс жасауды қарар етті. Ал, А.Бөлдешевтің сыбайласы — RG ЖШС директоры Талғат Жұмаханов алты жылға сотталды. Сондай-ақ, сот А.Бөлдешев пен Т.Жұмахановтан 114 млн 508 мың 350 теңге өндіріп алу туралы қаулы етті.