Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі

Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі

Жаңа маусымды Швецияда бастаған биталоншылар, енді Аустрияның Хофильценін бет алды. Ертең Альпі тауы етегінде  әлем кубогының екінші кезеңі жалауын көтереді. Өкінішке орай Эстерсундтегі  қарлы боран алғашқы кезеңнің жарыс бағдарламасына кесірін тигізбей қоймады. Нәтижесінде  қуалай жарысу додасы   өткізілмей қалды.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 140
Фото - Caravan.kz

Хохфильценде жалғасын табатын  Әлем кубогы жолындағы  жарысты биатлоншылар  спринттік  бәсекеден бастайды.  Бұл жолы бас командамыздың құрамы  Ванкувер олимпиадасының  күміс жүлдегері Елена Хрусталевамен толығыпты. Естеріңізге сала кетсек, Елена Эстерсундтегі кезеңге қатысқан жоқ. Сондай-ақ  Хохфильценде Диас Кенешов, Ян Савицкий, Александр Трифонов, Дарья Усанова, Марина Лебедева және Алина Райкова өнер көрсетеді.  

 

Шайбалы хоккейден ел чемпионатының кезекті турында,  көш басында келе жатқан «Арлан» мен «Ертістің» жолы түйісті. Овертаймға ұласқан   алғашқы кездесуде  көкшелік хоккейшілердің жолы болды. 

Көкшетауда өткен  лидерлер арасындағы қарымта матчта да  айдын иелері үстемдік танытты. Шиеленіске толы бәсеке 4:3 есебімен аяқталды.  «Арланның» сапында  қос шайба соққан  Бен О Коннор,   Дмитрий Левинский және Олег Еремеев. Ал қонақтар тарапынан Роберто Хун, Мирослав Залешак және Патрик Свита көзге түсті. Бүгін ел чемпионатында тағы екі  кездесу өтеді. Рудныйда  жергілікті «Горняк» атыраулық  «Бейбарысты» қабылдаса, Теміртауда «Арыстан» Павлодардың «Ертісін» сынаққа алады.

 


Футболдан ағылшын премьер-лигасында көш бастап тұрған “Арсенал” биыл бас жүлдеге бірден бір үміткер. 14-ші турда “Халл Ситиды” қабылдаған лондондықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Төреші ысқырығы естілісімен алға ұмтылған “Арсенал” не бары 2-ші минутта есеп ашты. Карл Дженкинсонның қапталдан шығарған пасына бірінші жеткен Николас Бентнер Аллан Макгрегор қақпасын дәл көздеді. Үзілістен кейін Аарон Рэмси мен Месут Озил қонақтар қорғанысын тағы шарасыз қалдырды. Нәтижесінде ұрымтал тұстан мүлт кетпеген германия құрамасының жартылай қорғаушысы қортынды есепті орнатты.