Атырау облысының бұрынғы әкімі лаңкестікті қолдап отырды деп күдіктенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысының бұрынғы әкімі лаңкестікті қолдап отырды деп күдіктенуде

Атырау облысының бұрынғы әкімі лаңкестікті қолдап отырды деп күдіктенуде

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевқа халықаралық іздеу жарияланып, оған қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол лаңкестік әрекеттерге қарсы болмады, қайта оны құптап, қолдап отырған деп күдіктелуде.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 347
Фото - Caravan.kz

Тергеу нұсқасы бойынша, аймақтың бұрынғы жетекшісі исламдағы дәстүрлі емес ағым өкілдеріне мешіт салуға заңсыз түрде жер учаскесін бөліп берген. Өңірде лаңкестік әрекет жасады деп қамауға алынғандардың көбісі осы мешітке барған. Қазір белгілі болғандай, онда лаңкестік насихатталып, лаңкестік әрекеттерді қаржыландыру үшін ақша жиналған.

Еске сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің 22 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген айып қорытындысымен прокуратура органдарына әрі қарай сотқа жолдануы үшін берілген.


Бергей Рысқалиев, оның ағасы Аманжан Рысқали және 9 сыбайласы халықаралық іздеуде.