М.Жаркеевке қатысты тағы бір қылмыстық іс тергелуде - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М.Жаркеевке қатысты тағы бір қылмыстық іс тергелуде - БҚО

М.Жаркеевке қатысты тағы бір қылмыстық іс тергелуде - БҚО

2011 жылдың аяғында орын алған, 125 мың литр тазартылған өсімдік майын сатып алуға «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ-дан (құрылтайшысы БҚО әкімдігі) бөлінген 30 млн. теңге бюджеттік қаржыны ұрлау фактісі бойынша БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімі «б» тармағына сәйкес қозғаған қылмыстық іс тергелуде.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 464
Фото - Caravan.kz

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шын мәнісінде «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ үшін қажетті өсімдік майы «Батыс Күнбағыс» АҚ-дан шығарылмаған. «Батыс Күнбағыс» АҚ-ға аударылған қаржы М.Жаркеевпен аффилиирленген тұлғалар «Жанар» шаруа қожалығы мен «Батыс Күнбағыс» СДО» ЖШС-ға бағытталған.

Тергеу барысында  М.Жаркеевтің 2011 жылдың аяғында  бірқатар мемлекеттік кәсіпорындармен өсімдік майын жеткізуге келісім-шарттарды жасағандығы анықталды,  осы арқылы М.Жаркеев  өсімдік майын жеткізуге  міндеттенеді, бірақ өсімдік майын жеткізбеген, ал онымен алынған  ақшалай қаражат мемлекеттік кәсіпорындарға қайтарылмаған, атап айтқанда, 2011 жылы 10 қарашада «Солтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-мен  90 млн. теңгеге  400 мың литр өсімдік  майын жеткізуге  келісім-шарт жасалған, көрсетілген  өсімдік майының мөлшері  өндірілмеген және  аталған кәсіпорынға жеткізілмеген, бірақ  жалпы сомасы 72 млн. теңгеге келісім-шарттың жалпы бағасынан 80 пайыз көлемінде төлем жүргізілген, ақшалай қаражат  сатып алушыға қайтарылмаған. Сондай-ақ сол жылы 28 қарашада «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ-мен  162, 022 млн. теңгеге  710 мың литр өсімдік  майын жеткізуге  келісім-шарт жасалған, көрсетілген  өсімдік майының мөлшері  «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның қаржылық мүмкіндіктерінің болмауына байланысты өндірілмеген және  жеткізілмеген, бірақ  жалпы сомасы 129,617 млн. теңгеге келісім-шарттың жалпы бағасынан 80 пайызы көлемінде төлем жүргізілген, ақшалай қаражат  қайтарылмаған. 13 желтоқсанда «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ-мен  53,750 млн. теңгеге  250 мың литр өсімдік  майын жеткізуге  келісім-шарт жасалған, көрсетілген  өсімдік майының мөлшері  «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның қаржылық мүмкіндіктерінің болмауына байланысты өндірілмеген және жеткізілмеген, бірақ  «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның  шотына жалпы сомасы 37,625 млн. теңге көлеміндегі келісім-шарттың жалпы бағасынан 70 пайыз көлемінде төлем жүргізілген, ақшалай қаражат  қайтарылмаған. 28 желтоқсанда «Солтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-мен  67,5 млн. теңгеге  300 мың литр өсімдік  майын жеткізуге қайтадан  келісім-шарт жасалған, көрсетілген  өсімдік майының мөлшері  өндірілмеген және  жеткізілмеген, жалпы сомасы 54 млн. теңгелік келісім-шарттың жалпы бағасынан 80 пайыз көлемінде төлем жүргізілген, ақшалай қаражат  қайтарылмаған.


Сонымен, 2011 жылдың қарашасы мен желтоқсаны аралығында  «Батыс Күнбағыс» АҚ кәсіпорнымен жасалған 5 келісімнің жалпы сомасы  402,772 млн. теңгені құрады, алайда «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның сатып алушыларды өсімдік майының мұндай мөлшерімен қамтамасыз етуге іс жүзінде мүмкіндігі жоқ болатын, соған сәйкес М.Жаркеев  жоғарыда көрсетілген  келісім-шарттар бойынша  өзінің міндеттемелерін орындай алмайтындығын біле тұра 1 785 000 литр өсімдік майын  жеткізуге  міндеттенген.

Аталған әр факті бойынша   тергеу органы тиісті заңды бағасын беріп, кейін М.Жаркеевке іс бойынша қорытынды айыптау тағылатын болады.

Бұдан бұрын да М.Жаркеевке ірі көлемде бюджеттік қаржыны қымқырды деген айып тағылған болатын, қазір ол қамауда отыр.