Қазақстанда 2013 жылы мас жүргізушілердің кесірінен қайтыс болғандар саны - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2013 жылы мас жүргізушілердің кесірінен қайтыс болғандар саны

Қазақстанда 2013 жылы мас жүргізушілердің кесірінен қайтыс болғандар саны

Мас жүргізушілердің қатысуымен болған жол апаттарын профилактикалау бойынша қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстан жолдарындағы жағдай көңіл көншітерлік емес, дейді ІІМ әкімшілік полициясы комитеті.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері республикада мас жүргізушілердің кесірінен болған 485 жол апаты тіркелді. Онда 88 адам қайтыс болып, 734 адам жарақат алды.

Полиция мәліметіне сәйкес, биылғы жылы мас күйінде көлік тізгініне отырған 39605 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты және жол апатының алдын алу мақсатында 6-7 және 13-14 желтоқсандағы мерекелер қарсаңында республикада «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты профилактикалық шара өткізіледі.