Солтүстік Еуропада қатты тұрған дауыл салдарынан төрт адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Еуропада қатты тұрған дауыл салдарынан төрт адам қаза болды

Солтүстік Еуропада қатты тұрған дауыл салдарынан төрт адам қаза болды

Солтүстік Еуропаны дүр сілкіндірген "Ксавьер" дауылы салдарынан төрт адам қаза болды, деп хабарлады жұмада британдық Би-си-си телерадиокорпорациясы.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 299
Фото - Caravan.kz

Англияның орталық бөлігінде Ноттингэмпшир графтығында ағаштың құлауы салдарынан ер адам қаза болған.

Шотландияда Эдинбург қаласының іргесінде жүк көлігін айдап келе жатқан ер адам қаза болған, жел жылдамдығы 230 км/сағ болғандықтан, оның көлігі аударылып түскен.

Швецияның оңтүстік жағалауында екі теңізші қаза болған.

Шотландияның жүз мыңға жуық үйі жарықсыз қалды.


Жұмада дауыл Германия мен Данияның бірқатар аудандарында қатты көтерілуі ықтимал, мұнда бұл күндері қар қалың жауып, желдің жылдамдығы 150 км/сағ болады, деп күтілуде.