Неліктен еліміздің санавиациясы тәулік бойы жұмыс істей алмайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неліктен еліміздің санавиациясы тәулік бойы жұмыс істей алмайды?

Неліктен еліміздің санавиациясы тәулік бойы жұмыс істей алмайды?

Қазақстанның санитарлық авиациясында тәжірибелі ұшқыштар тапшы, деді денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 622
Фото - Caravan.kz

"14 жаңа тікұшақта жұмыс істейтін 25 ұшқыш керек, қазір небары 14-і бар. Қалғаны оқып жатыр, кем дегенде әлі бір жыл уақыт керек", деді ол жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" Павлодарда "жедел көмек" пен санитарлық авиация қызметін дамыту және жетілдіру мәселелеріне арналған республикалық жиын арасында".

Оның үстіне аймақтарда санавиацияны орналастыру да үлкен проблема. Жеке меншік әуежайлар орын бергендігі үшін қыруар ақша сұрайды", деді вице-министр.

Оның айтуынша, әзірге бұл мәселені тек жергілікті басшылар деңгейінде ғана шешуге болады.


"Тұтас алғанда, санитарлық авиация бойынша ұшуларды оңтайландыру көзделіп отыр. Бұл проблеманы шешетін боламыз", деді вице-министр.