«Шекарадан өту төлқұжаттар бойынша болуы қадамына өтуді жоспарлап отырмыз. Барлық шаралар ресми түрде орындалуы тиіс. Барша құжаттар яғни, төлқұжаттар, сақтандыру құжаттары рәсімделуі керек», — деді ол.
Сонымен қатар ресейлік премьер елде ұлтшылдық толқынды көтеруді доғару керектігін айта келе, ұлтшылдық көңіл күйді қоздыру үшін көші-қон саласындағы проблемаларды пайдалануды адамгершілікке жат әрекеттер деп бағалады.
«Осындай іс-қимылдарға баратындар — жауапсыз адамдар және ең қатаң айыптауға лайық», — деп мәлімдеді Д. Медведев.