Жеген қаржысын қазынаға қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеген қаржысын қазынаға қайтарды

Жеген қаржысын қазынаға қайтарды

Оралдық «Жайық жылу энерго» кәсіпорнының 13 миллион теңгесін талан-таражға салған пысықай қылмыстық іс қозғалған соң осылай етуге мәжбүр болған. Өткен апта ғана қалалық мәслихат депутаты әрі осы мекеменің директоры Ринат Нұрышев құрықталған еді.

  • 7 Желтоқсан 2013
  • 259
Фото - Caravan.kz


Виктор Невгад, кәсіпкер:

— 2 миллион теңгені Тахир Мясоутов екеуміз қылдай бөліп алдық. Мен өз еркіммен келіп, қаржыны қайтарып жатырмын. Себебі бұндай жүкпен өмір сүру мен үшін қиын.

Анықталғандай коммуналдық қызмет кәсіпкерге жаңа құбырларды алу үшін қаржы бөлген екен. Бірақ тапсырыс берілген материалдар қоймадан шықпаса да қаржыны өзара келісіммен бөліскен. 13 миллионның сегізі «Жайық жылу энерго» мекемесінің басшылығына бұйырса, 2 жарым миллион жалған құжаттарды жасауға кетіпті. Ал қалғанын өз қалтасына басқан. Прокуратура қаржы жымқырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Содан кейін кәсіпкер амалсыз өз көлігін сатып берешегін қайтаруға бел буған екен. Енді сотта осы әрекетім ескерілер деп үміттеніп отыр.