Қазан айында Қашағанға тартылған құбырдан газ шығып, мұндай өндіру екі аптадан соң тоқтап қалған еді. Жөндеу ұзаққа созылып тіпті ақау шыққан құбыр Ұлыбыританияға сараптамаға жіберілген. Бірақ алғашқысының салдары жойылмай жатып тағы төтенше жағдай орын алды. Бұл жолы мұнай өндіру қондырғыларын басқарып отыратын құрылғы істен шыққан. Содан барлық жұмыс қайта тұралап қалды. Ақауды қалпына келтіру әзірге мүмкін болмай тұр. Оның үстіне кеніштегі саршұнақ аяз құрылғыларды іске қосуға кедергі келтіруде.