Ақтық айқаста моңғол палуандарымен бақ сынаған жерлестеріміз 4-1 есебімен жеңіске жетті. Ел құрамасынан Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов, Мұхит Тұрсынов, Бейбіт Ыстыбаевтар ел намысын қорғады. Жұртшылық асыға күткен аса ауыр салмақтағы Бейбіт Ыстыбаев пен Сугаржардал Болдпурев арасындағы белдесу болды. 134 келiлiк Бейбiт өзiнен 60 келi ауыр 194 келiлiк моңғол балуанын 3-шi минут дегенде iштен шалып құлатты.
Сондағы ақырғы айқастың ең жарқын сәттерін көріңіздер: