Министрдің сөзіне қарағанда, бұндай шешім қабылдау қиын болғанмен, өте қажет болып тұр. Өйткені зейнеткерлік жас адам өмір сүруінің ұзақтығына байланысты. Ал Ұлыбританияда бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп келеді. Сондай-ақ бұл — мемлекеттің қаржысын тұрақтандыру үшін қажетті шара. Соңғы жылдары Ұлыбританияда бюджет жетіспеушілігі орын алуда. Мемлекет қарызы ЖІӨ 50 пайызынан 90 пайызына дейін өсіп кетті.