Сәби үшін дастарқан басы - дүниетану сабағы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәби үшін дастарқан басы - дүниетану сабағы

Сәби үшін дастарқан басы - дүниетану сабағы

Баланың тамақпен ойнауы - оның жақсы дамып келе жатқаны. Айова университеті­нің мамандары дастарқан басын бала үшін дүниетану сабағымен парапар қояды.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz


Ғалымдар туғанына 16 ай бол­ған сәбилердің іс-әрекетін ұзақ уақыт бақылаған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. Тәжірибе бары­сында дастарқан басындағы бала­ларға 14 сұйық тағам көрсетіліп, олардың атауы айтылған. Күнде­лік­ті дағдының нәтижесінде бүлдіршіндер сұйық тағамдарды көргенде үйреншікті сөздерді ды­быстауға тырысатынды шығара­ды. Тіпті әлгі заттарды қатты фор­ма түрінде көрсеткенде де, олар­­дың атауын шатастырмайтын болған. «Баланың дастарқан басында тамақты езгілеп ойнауы — оның қалыпты дамып, дүниені тани бас­тағаны», — дейді амери­ка­лық маман­дар.