«Мұны істеу оңай. Ұялы телефонның фотокамерасына кез-келген өнімнің штрих-кодын түсіре, экранға өндіруші мен өнімді пайдалану туралы толық ақпарат шыға келеді», — дейді Богдан.
Көрменің іскерлік бағдарламасының аясында келушілер үшін ақпараттық секциялар ұйымдастырылды: «Microsoft» бұлтты технологиялар негізіндегі кешенді шешімдер, деректерді қорғау, Smart City, IT саласында бизнесті ұсынуға арналған шешімдер, бизнес инкубатор. «Касперски зертханасы», «ESET», «1С», «2ГИС», «SOYLEM» және «Dr.Web» компаниялары тыңдаушыларға өздерінің соңғы өнімдерін ұсынды, сондай-ақ «Microsoft Казахстан» компаниясы байқау ұйымдастырды.
Көрмеге 30 ұйымның 70 жаңалығы қойылды, деп хабарлайды altaynews.kz.