Лениннің ескерткішін құлатты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лениннің ескерткішін құлатты

Лениннің ескерткішін құлатты

Киев милициясы қаладағы Бессарабский алаңында Лениннің ескерткішін құлату фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр,

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz

 деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Милиция белгісіз біреулердің ескерткішті қиратуы Украинаның қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес жаппай тәртіпсіздік деп санап отыр.

Мүлікті қастандықпен жойып, қоғамды тәртіпті қатаң бұзғаны үшін айыпталушыларды жауапкершілікке тарту көзделуде.

Жексенбі күні хабарланғандай, 250-ге жуық адам ағаштарға арқан байлап тарту арқылы Лениннің ескерткішін құлатқан. Сол жерде милиция қызметкерлері толы автобус тұрған, алайда олар бұл оқиғаға араласпаған, деп хабарлады Росбалт.