«Алтын домбыраның» иесі - Жандарбек Бұлғақов! - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын домбыраның» иесі - Жандарбек Бұлғақов!

«Алтын домбыраның» иесі - Жандарбек Бұлғақов!

Кеше ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен "Нұр Отан" партиясының тікелей қолдауымен Тәуелсіздік күніне орай «Жырың болып төгілемін, елім» атты ақындар айтысы өтті.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 666
Фото - Caravan.kz

Бұл жолғы айтысқа қатысатын ақындарды www.kazaitys.kz сайты былтырғы 9 желтоқсандағы "Біздің ел осындай" атты айтысынан қазірге дейінгі бір жыл ішінде өткен Республикалық айтыстарда Бас жүлде алған ақындар арасында рейтинг жасап, 10 ақынды іріктеп шығарды. Сонымен, көмейінен жыр төгілген, атағы алашқа кеткен айтулы ақындар Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Жандарбек Бұлғақов, Жақсылық Орынбасар, Нұрмат Мансұров, Дидар Қамиев, Қанат Мырзахандар қатысты.

Әділ қазылардың бірыңғай шешімі бойынша Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Жақсылық Орынбасар, Қанат Мырзахан, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова қатарлы ақындар әрбірі 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.

kazaitys.kz сайты тағайындаған Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы сыйлықты сайттың Бас редакторы Ұларбек Нұрғалымұлы белгілі қызылордалық ақын Мұхтар Ниязовқа табыс етті. Әрі 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берді.

Сөз кезегін алған айтыстың әділ қазылар алқасының төрағасы Алдан Смайыл: «Бүгін сахнаны ән мен жырға бөлеген айтыскерлерге көрермендер атынан алғыс білдіргім келеді. Бүгін  ақындар өздерінің бабында екенін көрсете білді. Қайым айтыста да, жұмбақ, өтірік айтыстарда қиналған жоқ. Айтыс «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізіліп отыр. Партия жақында қабылдаған саяси Доктринасында ұлттық құндылықтарды, қазақтың тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауды басымдық ретінде айқындаған болатын Айтыс жыл сайын республикалық деңгейде өткізіліп тұруымыз керек. Ол халықпен бірге болуы тиіс. Айтыстың арасы ұзап кетпеуі керек. Оның жаңаша мазмұнда қайта оралып келіп жатқанына ризамыз», — деп атап айта отырып, 3-орын мен 750 мың теңге сыйақыны Балғынбек Имашевқа табыстады.


«Айтыстың ақсақалы» атанған Жүрсін Ерман ағамыз 2-орын мен 1 млн. теңгені Нұрмат Мансұровқа табыстады.

«Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының» пре­зи­ден­ті Қайрат Сатыбалды 1-орын мен 2 млн. теңге ақшалай сыйлықты Дидар Қамиевке табыс етті.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтыстың бас жүлдесі 3 млн. теңгені, ал былтырғы «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов айтыстың үш дүркін жеңімпазы үшін тағайындалған «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақовқа табыс етті, деп жазады kazaitys.kz.

Перейти к новостям спорта