Астанада №9 бағыттағы автобустар көбейтіліп, таңертеңгі қарбалас уақытта жүру аралықтары жиіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада №9 бағыттағы автобустар көбейтіліп, таңертеңгі қарбалас уақытта жүру аралықтары жиіледі

Астанада №9 бағыттағы автобустар көбейтіліп, таңертеңгі қарбалас уақытта жүру аралықтары жиіледі

Астанада бүгіннен бастап таңертеңгі қарбалас уақытта № 9 бағыттағы автобусқа қосымша тағы екі автобус қосылды. Бұл туралы astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта №1 автобус паркі №9 бағыттағы сыйымдылығы төмен автобусты сыйымдылығы жоғары автобусқа ауыстырды», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, 1 желтоқсаннан бастап №9 бағытта қызмет көрсететін автобустар саны 12-ден 18-ге дейін ұлғайтылып, 10-12 минут аралықпен жүреді.

Бұрын хабарланғандай, №37 бағыттағы автобус аталған бағытта дұрыс қызмет көрсете алмады. Автобустардың жүру аралығы сақталмай, 40-50 минутқа дейін жеткен. Осыған байланысты осы бағыттағы автобусты тоқтату туралы шешім қабылданды. 1 желтоқсанда №9 бағыттағы автобус бұрынғы №37 автобустың жолымен жүре бастады.

Бұдан былай №9 бағыттағы автобус «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі — Абылай хан даңғ. — Рысқұлбеков к-сі — Құдайбердіұлы к-сі — Қошқарбаев даңғ. — Қарағанды тас жолы — Армандастар к-сі (Интернациональный т/а) — Көксай к-сі — Интернациональный т/а шығатын жол — Қарағанды тас жолы — №37 автобустың бағыты бойынша Жібек жолы т/а кіретін жол — соңғы аялдама «Жібек жолы т/а». Автобустың кері қайту кестесі де осындай (Кенесары к-сі — Жеңіс даңғ.- Сейфуллин к-сі).