деп хабарлады Құқықтық медиа-орталықтан.
Экспозиция халықаралық адам құқығын қорғау күнін мерекелеуге арналған. Орталық Азияда ол бірінші рет таныстырылды. Бұл көрмеге шамамен 150 жеңімпаздың жұмысы енген. Аталмыш шығармалар 2012 жыл ішіндегі әлемде болған басты оқиғалардан хабардар етеді. Елордадағы көрмені қазақстандықтар 10-26 желтоқсан аралығында, сондай-ақ Қарағандыда 28 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін тамашалай алады.
— Бұл жыл сайын өтетін фотожурналистиканың ең танымал байқауы, ол өз ісінің нағыз шеберлерін анықтайды. Жыл сайын тәуелсіз сарапшылар үміткерлердің жұмыстарын 9 түрлі санат бойынша бағалайды. Мұнда әлемнің түкпір-түкпіріндегі агенттіктер, газеттер мен журналдар, фотожурналистер өз шығармаларын ұсынады. Биылғы жылы төрешілер әлемнің 124 елінен 5 мың фотосуретшінің 103 мыңнан астам фотосуретін екшеуден өткізді.