Қазақстанның білім жүйесіне ауқымды реформалар пайда әкелмейді, дейді депутат Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның білім жүйесіне ауқымды реформалар пайда әкелмейді, дейді депутат Назарбаева

Қазақстанның білім жүйесіне ауқымды реформалар пайда әкелмейді, дейді депутат Назарбаева

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Қазақстанның білім беру жүйесі үнемі түк пайдасы жоқ реформалауға ұшырап жататынына кейістік танытты.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Білім және ғылым министрлігінің тағдыры оңай емес. 2000 жылдан бастап салада бірінші басшының жетеуі ауысты және олардың әрқайсысы өз қызметін кезекті бір ауқымды реформадан бастады. Бірақ оның ешбірі соңына дейін жеткізілмеді, ал бұл салаға құйылған қомақты қаражат айтарлықтай табыс әкелмеді. Министр бүгін осыны баяндамасында тағы дәлелдеді», — деп депутат бүгін Астанада мәжіліс қабырғасында өткен үкімет сағатында мәлімдеді.

«Білім саласын жайына қалдырыңдар, реформадан жүрегіміз айниды, деп мен де көбісінің айтқысы кеп отырғанын айтқым келеді, дейді ол.

Н.Назарбаева қазір отандық білім беру жүйесінде кездесіп отырған бірқатар проблемаларға тоқталды.


Ол шағын мектептер саны мен, олардың қарапайым жабдықталу деңгейінің төмендігі және көптеген ауыл мектептерінің кедейлігі, соның салдарынан қала мен ауыл мектебінде білім сапасындағы айырмашылықтар барын айтады.

Депутат білікті мамандар тапшылығына, оқулықтар сапасының нашарлығына, оқу бағдарламаларының ұтымды еместігіне де назар аударды.