2014 жылы Қазақстан Энергетикалық хартия конференциясына жетекшілік етпек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Қазақстан Энергетикалық хартия конференциясына жетекшілік етпек

2014 жылы Қазақстан Энергетикалық хартия конференциясына жетекшілік етпек

2014 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан Энергетикалық хартия жөніндегі конференцияға жетекшілік етпек. Бұл туралы Kazenergy баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 442
Фото - Caravan.kz

Хартияның 6-желтоқсан күні Никосияда өткен конференциясының кезекті сессиясында осындай шешім қабылданды.

«Жұма күнгі отырыста сессияларға төрағалық етудің басқа жүйесі мақұлданды. 2014 жылдан бастап мүше мемлекеттер конференцияны кезекпен басқарады. Ал Қазақстан конференцияны басқаратын тұңғыш төраға атанбақ», — делінген хабарламада.

2015 жылы төрағалық Грузияға, 2016 жылы Жапонияға өтеді.


Келесі конференция алдағы жылы қараша айының соңында Астанада өтпек.