12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мерзімі өзгермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мерзімі өзгермейді

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мерзімі өзгермейді

Білім және ғылым министрлігі орта мектептерді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру мерзімі өзгермейді деп мәлімдеді.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 684
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік бағдарлама бойынша 12 жылдық білім беру жүйесіне 2015 жылы көшеміз. Жаңа жүйеге көшу мерзімі өзгермейді», — деп дүйсенбі күні мәжілісте өткен үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Оның айтуынша, «орта мектептерде жасы 11-ден асқан балалар саны артып, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында керісінше, кемиді деген болжам бар». «Бұл бала туу көрсеткіші төмендеген 90-шы жылдардың жаңғырығы, қазір ЖОО мен колледждерде бос орындар пайда болуда», — деді министр.

«Сондықтан 2015 жылы 1-сыныптан бастап жаңа стандарт әзірлеп, енгіземіз. 5-9-сыныптарда оны мазмұндық жағынан жаңартып, 12-сыныпты ЖОО базасы бойынша оқытуды ұсынып отырмыз. Яғни, жан басына қарай қаржыландыру стандартын енгіземіз. Дербес ЖОО 12-сыныпты бітіргісі келетін балаларға арнап бір жылдық курс ұйымдастырса болады», — деді А.Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесі де 2015 жылдан бастап реформаға ұшырамақ.


«ҰБТ жүйесі жаңғыртылады. 2014 жылы бұрынғы қалпында сақталып қалады. 2015 жылы жаңа элементтер енгіземіз», — деді министр.