Шымкентте көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкер әйел құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкер әйел құрықталды

Шымкентте көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкер әйел құрықталды

Шымкентте көңілдесін тапсырыспен өлтіртті деген күдікпен жергілікті кәсіпкер құрықталды.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Тапсырыс берушінің айтуынша, олар соңғы кезде бизнес үшін үнемі жанжалдасатын болған. Көбіне мұның соңы төбелеске ұласатын. Көңілдесі одан ылғи ақша талап еткен көрінеді», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Әйел немере інісіне «осыдан құтқарсаң 1 млн теңге ақы төлеймін» деп уәде беріпті. Көп ұзамай оның қасына серік болатын адам да табыла кеткен.

Қылмыс жасалар күні екеуі жас жігітті балық аулаймыз деген сылтаумен су қоймасына ерте шығып, сол жерде белдікпен буындырып өлтірген. Содан соң мәйітті шұңқырға көме салыпты.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.